...
Google Tag Manager (noscript) --> End Google Tag Manager (noscript)

DETRIMAX®
миссиясы

Денсаулықтың негізі бола отырып, адамдардың өмірін толық, жарқын және мазмұнды ету!

Бренд құндылықтары:

• Ұлт денсаулығына қамқорлық: Қазақстан азаматтарының D дәруменінің жетіспеушілігі мен оның өмір сапасына әсері туралы хабардарлығын арттыра отырып, халықтың денсаулығын жақсарту.

• Үздіксіз даму және жетілдіру: Әр адамға арналған ең жақсы шешімдерді ұсыну – D дәруменінің әртүрлі түрлерін ұсыну арқылы әркім өзіне лайықты шешімді таба алады!

ДЕТРИМАКС® брендінің құрылу тарихы

2019 жылы жүргізілген ұлттық зерттеу* нәтижесінде Қазақстан халқының 70%-ында D дәруменінің айтарлықтай жетіспеушілігі анықталды. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш 79%-ды құрады.


Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары халықаралық зерттеулерді қосымша зерделеп, D дәруменінің жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуіне, әйелдерде репродуктивті функцияның нашарлауына, когнитивтік қабілеттердің төмендеуіне және тірек-қимыл жүйесінің дамуы мен қызметіне кері әсерін тигізетінін анықтады. Маманның пікірі бойынша, D дәруменінің жетіспеушілігі бүкіл ұлт денсаулығына елеулі ықпал етеді!


Осыған жауап ретінде Юнифарм компаниясы әртүрлі адамдарға сай келетін ДЕТРИМАКС® өнімдер қатарын әзірлеуге шешім қабылдады. Компания қызметкерлері әлемдік стандарттарды, дозалауды және Қазақстан тұрғындарының қажеттіліктерін зерттеді.


Нәтижесінде балалар мен ересектерге арналған, әртүрлі дін өкілдерінің ерекшеліктерін ескеретін, D дәруменінің 5 түрлі формасы мен дозасы әзірленді.

*Қазақстандағы D дәруменінің тапшылығы: Топаралық зерттеу. 2019 ж. Vitamin D deficiency in Kazakhstan: Cross-Sectional study — PubMed (nih.gov)
https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/31812522/, https://detrimax.kz/stati-activ/stati-activ.html

Қазіргі таңда Detrimax® – 2025 жылдың күзгі толқыны кезеңінде Қазақстанда «Ипсос» ЖШС (Ipsos) жүргізген Prindex және PharmaQ синдикативтік жобаларының деректеріне сәйкес, дәрігерлер мен фармацевтердің таңдау өнімі болып табылады*.