2019 жылы жүргізілген ұлттық зерттеу* нәтижесінде Қазақстан халқының 70%-ында D дәруменінің айтарлықтай жетіспеушілігі анықталды. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш 79%-ды құрады.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары халықаралық зерттеулерді қосымша зерделеп, D дәруменінің жетіспеушілігі иммунитеттің әлсіреуіне, әйелдерде репродуктивті функцияның нашарлауына, когнитивтік қабілеттердің төмендеуіне және тірек-қимыл жүйесінің дамуы мен қызметіне кері әсерін тигізетінін анықтады. Маманның пікірі бойынша, D дәруменінің жетіспеушілігі бүкіл ұлт денсаулығына елеулі ықпал етеді!
Осыған жауап ретінде Юнифарм компаниясы әртүрлі адамдарға сай келетін ДЕТРИМАКС® өнімдер қатарын әзірлеуге шешім қабылдады. Компания қызметкерлері әлемдік стандарттарды, дозалауды және Қазақстан тұрғындарының қажеттіліктерін зерттеді.
Нәтижесінде балалар мен ересектерге арналған, әртүрлі дін өкілдерінің ерекшеліктерін ескеретін, D дәруменінің 5 түрлі формасы мен дозасы әзірленді.
*Қазақстандағы D дәруменінің тапшылығы: Топаралық зерттеу. 2019 ж. Vitamin D deficiency in Kazakhstan: Cross-Sectional study — PubMed (nih.gov)
https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/31812522/, https://detrimax.kz/stati-activ/stati-activ.html