Қазақстанда D дәруменінің тапшылығы: Кросс-секциялық, топаралық зерттеу

Ольга Громова, Айкерм Дошанова, Вячеслав Локшин, Айнур Тулетова, Галина Гребенникова, Лаура Даньярова, Гульназ Кайшибаева, Таир Нурпеисов, Виктория Хан, Юлия Семенова, Альбина Чибисова, Наталья Суздальская, Жанара Айталы, Наталья Глушкова.

D (VDD) дәруменінің тапшылығы ғылыми ортада белсенді талқыланатын және бүкіл әлемде кемінде бір миллиард адамды қамтитын қоғамдық денсаулық сақтау саласының маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Аталған зерттеу VDD-мен байланысты ықтимал патогенетикалық факторларды анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі географиялық аудандарында тұратын екі жыныстағы да ересек халықтағы D дәруменінің деңгейін бағалауға бағытталған.

Аталған кросс-секциялық зерттеуге Қазақстанның 6 өңірі еніп, 1347 дені сау ересектерді (олардың 819-ы әйелдер) қабылдау кезінде жүйелі еркін іріктеу қолданылды, олардың орташа жасы 44 ± 14 жасты құрады. 25-гидрокси- (25-OHD) D дәруменінің концентрациясы 2018 жылғы мамырдан бастап 2018 жылғы тамызға дейін Architect 25OH Vitamin D (Abbott Ireland Diagnostics Division Lisnamuck, Longford Co. Longford, Ирландия) арқылы өлшенді. D дәруменінің тапшылығы 20 нг/мл аспайтын 25-OHD мәндері ретінде айқындалды (сау популяция өкілдерінің үлгілік шекті мәні).

Қазақстанның барлық зерттелген өңіріндегі тұрғындардың сарысуындағы 25 (ОН) D шоғырлануының орташа көрсеткіші эталондық шектен (20 нг/мл) төмен болды. D дәрумені деңгейінің ең төменгі диапазоны (<10 нг/мл) әйелдерде ерлермен (16,7% - 88) салыстырғанда жиірек байқалған және азиялықтарда (33,2% - 352) еуропалықтарға қарағанда (6,7% - 19) (х2 = 177939; D.f. = 3; р-мәні = <0,001). Ауыр VDD жағдайларының үлесі дене салмағының индексі төмен субъектілерде (31,1% - 188) дене салмағының индексі жоғары тұлғалармен салыстырғанда (18,7% - 50) жоғары болды. Бұл зерттеуде 60 және одан жоғары жастағы адамдарда 25-OHD деңгейінің неғұрлым қолайлы бейіні байқалды, өйткені ол зерттелген жағдайлардың 14,4% қалыпты болды (% 2 = 26589; D.f. = 6, р-мәні = <0001).

VDD таралуын зерделеу қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды міндет болып табылады. Алынған білім негізінде неғұрлым тиімді араласу бағдарламаларын әзірлеу үшін VDD эпидемиологиясын тереңірек зерделеу үшін одан әрі зерттеулер жүргізу қажет. 

Түйін сөздер: D дәрумені, D дәруменінің жетіспеушілігі, көлденең зерттеу, Қазақстан, ересектер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/31812522/
https://doi.org/10.1016/j.jsbmb.2019.105565